Париж-2024. Жігітімен қыдырғаны үшін Олимпиададан қуылды

Редакция Ulyssport

Бразилиялық жүзуші жігітімен "Парижде кеш өткізу" мақсатында спортшылар ауылынан рұқсатсыз шыққаны үшін Олимпиадаға қатысу құқынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Ана Каролина Виейра мен Габриэль Сантос Олимпиада ауылынан ескертусіз, жасырынып шығып кетпек болған кезде ұсталды. Бұл сенбі күні, спортшы 4х100 метрлік фристайл эстафетасынан шыққаннан кейін болған.

Бразилия Олимпиада комитеті оған немқұрайлылық үшін сөгіс беріп, үйіне қайтарды.

Басқару органы оның әрекетін "құрметсіздік" деп мәлімдеді.

Бразилия Су спорты конфедерациясы (cbda) өткен жұмада Олимпиада ауылынан өз еркімен кеткені үшін екі спортшыны жазалау туралы шешім қабылдады – делінген хабарламада.