Гимнаст Дарья Ясинская Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатының екі бірдей финалына жолдама алды

Дастан Кенжалин

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында әйелдер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық Дарья Ясинская екі финалға жолдама алды.

Спортшы құрлықтық біріншілікте еркін және қол тіреп секіру жаттығулары бойынша бақ сынайды.