Дзюдодан әлем чемпионаты: Әбиба Әбужақынова 1/8 финалға шықты

Дастан Кенжалин

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік Марина Воробьевамен белдесті. Отандасымыз қосымша уақытта тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Мағжан Шамшадин келесі айналымға өткен болатын.