Мағжан Шамшадин дзюдодан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Дастан Кенжалин

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының спортшысы Мағжан Шамшадин Будапешттегі әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта америкалық Дэвид Тереомен кездесті. 

Белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Нәтижесінде қарсыласы қателік жіберіп, Мағжан жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мағжан Шамшадиннің келесі қарсыласы испаниялық Франсиско Гарригос болмақ.