Нұрбек Oралбай өте ауыр жекпе-жекте жеңіске жетті

Редакция Ulyssport

Ұлттық құрамамыздың тағы бір спортшысы алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Тұрар Қазанғапов

 

Бокстан 80 келіде сынға түскен әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Аустралия спортшысы Каллум Петерсті 3:2 есебімен ғана жеңді.

Алғашқы раундты жерлесіміз сенімді түрде ұтқанымен, екінші раундта нокдаунға түсіп қалды. Ал шешуші раундта қос спортшы да жеңіс үшін аянып қалмай, сәл ғана басымдықпен жерлесіміздің бағы жанды.

Ширек финал 2 тамызда өтеді.