Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде италиялық Асунта Скуттомен кездесті.

Нәтижесінде Италия өкілі иппон әдісімен жеңіске жетті. Осылайша Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова – дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Бұл – спортшының әлем біріншілігіндегі үшінші медалі. Бұған дейін ол екі мәрте қола жүлдегер атанған болатын.

Сонымен қатар 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадиннің де жүлде жеңіп алуға мүмкіндігі болған. Алайда ол жұбаныш белдесуінде венгриялық Мартон Андрасиға жол берді.