Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионатының екінші күні басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
14 маусымда Қазақстан атынан тек Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) татамиге шығады.
Дзюдошы алғашқы белдесуін өткізіп үлгерді. Ол қытайлық Сюэ Цзыянды жеңді.
Келесі айналымда Қырғызбаев түркиялық Мухаммед Демирель мен израильдік Гай Гутман арасындағы белдесудің жеңімпазымен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алған еді.