Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты, деп хабарлайды Ulys sport.kz.
Есеп: 5-0.
Келесі кезеңде Сәкен Рио Олимпиадасының жеңімпазы, Әлем чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) кездеседі. Бұған дейін қос боксшы өзара 3 мәрте жолығып, екеуінде Өзбекстан өкілінің пайдасына шешілген.
Ширек финал 2 тамыз күні өтеді.
Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Әлем чемпионы және қола жүлдегері. Ал Самет болса Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионы (2024).