Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионатының төртінші күні басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
16 маусымда Қазақстан құрамасының атынан Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) татамиде өнер көрсетеді.
Әйелдер арасындағы сайыста Эсмигүл Куюлова алғашқы белдесуін өткізіп үлгерді. Отандасымыз бірінші айналымда словениялық Кая Кайзермен кездесті.
Белдесу қосымша уақытқа (golden score) дейін созылып, нәтижесінде Кая Кайзер келесі айналымға өтті.
Айта кетейік, 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар молдовалық Петру Пеливанмен өзара мықтыны анықтайды.