Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта молдовалық Петру Пеливанмен белдесті.
Нәтижесінде Абылайхан Жұбаназар бір ұпай айырмашылығымен жеңді.
Енді қазақстандық балуанның 1/16 финалдағы қарсыласы - бразилиялық Габриэль Фалькао болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова Словения өкілі Кая Кайзерге жол берген болатын.