Ханойда (Вьетнам) волейболдан әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогы аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстан құрамасы турнирде жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Жартылай финалда біздің команда Вьетнамнан жеңіліп қалды.
Үшінші орын үшін өткен матчта қазақстандықтар Тайбэй командасына 1:3 есебімен (25:17, 13:25, 16:25, 13:25) есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтады.
Бірінші орынды Вьетнам жеңіп алды. Екінші орын Филиппин құрамасына бұйырды. Тайбэй командасының еншісінде қола медаль.