Жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Дастан Кенжалин

18 маусымда Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Құрлықтық додада ел намысын төрт жұп қорғайды.

Жүлделі орындар үшін Клим Рюхов / Владислав Мастихин, Даниил Сороковский / Әлихан Ағабек, Надежда Иванченко / Гаянэ Галаш, Екатерина Рюхова / Кристина Каримова жұптары сынға түседі.

Жалпы жарысқа 16 елдің командалары қатысады.

Азия чемпионаты 22 маусымда аяқталады.