Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы хабарлады.
- Басқарма басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығына сәйкес, 12 маусымнан бастап Өтешов Алмас Дәулетярұлы басқармаға қарасты «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алмас Өтешов – ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 2 дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері және Азия чемпионы.
Осы уақытқа дейін ол басқармаға қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарып келген еді.