Wimbledon-2024: Путинцеваның көгалдағы жеңісі жалғасуда

Ерик Ильясов
Wimbledon

Теннисшіміз Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің екінші айналымында Чехия спортшысы Катерина Синякованы үш сетте ұтып, жарыстың келесі айналымына өтті.

Жерлесіміз алғашқы сетте өте жақсы бастады. Қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, сетті 6:0 есебімен жапты. Алайда екінші сетте Синякова бір брейк жасап, кездесуді шешуші үшінші сетке созды. 1 сағат 39 минутқа жалғасқан матчтың үшінші сеттінде қазақстандық теннисші 6:2 есебімен алға шығып, Ұлыбритания ашық біріншілігінің үшінші раундына өтті. Жалпы есеп  6:0, 4:6, 6:2.  Бұл Путинцеваның көгал төсенішіндегі қатарынан жетінші жеңісі. Себебі Уимблдонның алдында Бирмингемде  өткен турнирде дәл осы Юлия Путинцева жеңімпаз атанған еді.

Путинцеваның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек немесе Петра Мартич арасында өтетін матчта анықталады.