Садақ ату: Ильфат Абдуллин атақты қарсыласына есе жіберді

Редакция Ulyssport

Садақ атудан ұлттық құраманың көшбасшысы Ильфат Абдуллин жеке сайысты аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Владислав Семенов

Садақ атудан 26 жастағы  Илыфат Абдуллин Париж Олимпиадасының жекелей сынынан шығып қалды. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері канадалық Эрик Питерспен болған кездесуде 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Ильфат Абдуллин – Эрик Петерс 4:6 (27:29, 28:28, 29:29, 29:28, 26:28)

Естеріңізге сала кетейік, Ильфат 2021 жылы Токио Олимпиадасында бақ сынаған болатын.