Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.
Соңғы сайыс түрі – аралас командалар арасындағы бәсеке болды.
Бастапқы кезеңде ұлттық құрама Бразилия командасымен кездесті. Нәтижесінде бразилиялықтар 0:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан бұл әлем чемпионатында жалғыз ғана медаль еншіледі. Турнирдің бірінші күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған болатын.