Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасы садақ атудан Сингапурдегі Азия кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Блоктық садақ атудан аралас командалар арасында Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы ақтық сында Үндістаннан басым түсті. Қорытынды есеп 155-153.

Тағы бір финалдық кездесуде Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан барған қарсыластарын 235:231 есебімен жеңді. Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса және Бунед Мирзаметов қорғады.