Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жұптық сайыстың жартылай финалында Данилина мен жапониялық Эна Сибахара қытайлық-тайваньдық Чжан Шуай және Се Шувэй жұбымен кездесті.
Кездесу үш сетке созылды. Есеп: 5:7, 6:4, 10:4.
Жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алған еді.
Бублик турнирдің финалына шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен ойнайды. Матч бүгін, 21 маусымда сағат шамамен 19:10-да өтеді.