Қазақстандық гимнаст Болгариядағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды.

Доппен көрсеткен өнері үшін Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 26.950 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, 22 маусымда Ақмарал Ерекешева таспамен, ал Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу финалына қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінде үш жүлде жеңіп алған еді.