Қазақстан алғаш рет жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жетті

Дастан Кенжалин

Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілдері Клим Рюхов пен Владислав Мастихин ел қоржынына алтын медаль салды. Отандастарымыз финалда Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 есебімен (21:19, 21:16) жеңді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан волейболы тарихындағы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің командалар тек екінші және үшінші орындармен шектеліп келген.