Олимпиада чемпионы Сметов ота жасатты

Дастан Кенжалин

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов иығына ота жасатты, деп хабарлайды Ulyssport

Фото: ҰОК

Елдостың өзі де instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялады. 

- Мені уайымдам, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім. Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға - келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін, дейді спортшы. 

Сонымен қатар, Сметов “карьерасын аяқтады” дегендерге “сәлем айтты”.

- Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын, дейді метов.

Айта кетейік, Елдос Сметов ел тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы. Сондай-ақ күміс және қола жүлде де иеленген.