Анна Данилина Истборндағы теннис турнирінің жартылай финалына шығу бақ сынайды

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Данилина бұл жарыста жұптық сында чехиялық Мари Боузковамен бірге өнер көрсетуде.

Ширек финалға шығу үшін өткен матчта олар жапониялық Мию Като мен испаниялық Кристина Букшаның жұбын жеңді.

Кездесу 7:5, 7:6 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Данилина мен Боузкова британиялық Джоди Беррэдж және Сонай Карталмен кездеседі.