Әліби Ыдырыс тәлімгері Даниель Кормьеге шапан жапты

Дастан Кенжалин

TUF 33 шоуында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық жауынгер Әліби Ыдырыс ширек финалға шыққаннан кейін тәлімгері Даниель Кормьеге құрмет көрсетіп, үстіне шапан жапты, деп хабарлайды Ulyssport Qsport.kz-ке сілтеме жасап. 

Видео кадры

The Ultimate Fighter 33 шоуының бесінші сериясында Әліби Ыдырыс (10-0) өзбек файтері Фуркатбек Йокубовты (15-4) жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.

Сонымен қатар, қазақ жауынгері Даниель Кормье командасына төртінші жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, осы шоуда Даниель Кормье мен Чаел Соннен командалары сынға түсіп жатыр. Қазіргі таңда Даниель Кормье командасы 4:1 есебімен жеңуде.

"Қан мен тер" лақап атымен танымал қазақ жауынгері Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter шоуында өнер көрсетіп жатқан алғашқы қазақстандық жауынгер.