Триатлон: Ресейден келген Екатерина Шабалина мәреге жете алмады

Редакция Ulyssport

Париж Олимпиадасының кезекті күні сәтсіз басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасында триатлоннан сынға түсіп, жарысты ерте аяқтады.

Ұлттық құрама спортшысы алғашқыда 1,5 шақырым қашықтықты жүзіп өтті. Ал 40 шақырым қашықтықты құрайтын велосипед сайысында Екатерина  бастапқы кезеңде-ақ жарыстан шығып қалды. Осы кезде ол 32-сатыда келе жатқан. Айта кетейік, Парижде жаңбыр жауғандықтан, вело жарыста бірнеше атлет мәреге жетпеді.

Барлығы әйелдер арасында 55 триатлон шебері сынға түсті.

Екатерина Шабалина - 1998 жылы 28 мамырда Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында дүниеге келген.

2021 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.