Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Дастан Кенжалин

Қазіргі уақытта Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалда жеңіске жетті.

Бұл кезеңде отандасымыз Оңтүстік Кореядан барған Ли Чонмокты айқын басымдықпен жеңді. Ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Алан Тайбэй өкілі Хун Цзинь-Каймен кездеседі.