Уимблдонда Палестинаға қатысты наразылық акциясы өтіп жатыр

Ерик Ильясов

30 маусым Лондонда басталған "Үлкен Дулыға" турнирінің аумағында жарыс демеушілерінің бірі Barclays банкіне қарсы наразылық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ulyssport.kz

Tim Merry

Палестинаны қолдаушы белсенділер Уимблдон турнирі өтіп жатқан жерде Barclays банкінің теннис чемпионатын демеуші ретінде қолдауына қарсы наразылық акциясын өткізіп жатыр. Наразылық білдірушілер оқ іздерімен тесілген күміс түсті көлікті алып келіп, жанында Газа секторында қаза тапқан балалардың суреттерін көрсетті.

Сондай-ақ, "Barclays Израильдің геноцидіне қызмет етеді" деген жазуы бар плакаттар ұстап, "Barclays bank, жасыра алмайсың, біз сені геноцид үшін айыптаймыз!” – деп ұрандатты.

Barclays банкі – Ұлыбританияның ең ірі әмбебап банктерінің бірі. Қазіргі таңда АҚШ-та Израиль Қорғаныс Күштері (IDF) қолданатын жабдықтарды өндіретін қорғаныс компанияларымен байланысы үшін қатаң сынға ұшырап отыр.