Уимблдонның алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бес сеттік матчта жеңілді. Есеп 4:6, 6:3, 6:4, 6:7, 2:6, деп хабарлайды ulyssport.kz
Жақында ғана көгалда өткен ATP500 турнирінің жеңімпазы Александр Бублик Уимблдонның бірінші раундында испаниялық Хауме Мунармен кездесті. Алғашқы сетте есе жіберсе де, келесі екі сетте басым болды.
Төртінші партияда қазақстандық спортшы матчты аяқтау үшін допты іске қосып жатқан. Алайда Мунар кері брейк жасап, ойында тай-брейкке дейін жеткізді. Тай-брейкте Бублик 4:2 есебімен алда келе жатқан еді. Алайда испандық теннисші бұл жолы да камбэк жасап, кездесуді бесінші сетке дейін созды. Ақырғы шешуші сетте қарсылас аса басымдықпен ойынды өз пайдасына шешті. Есеп 6:2.
Александр Бублик жұптық сында Италия спортшысы Флавио Коболлимен бірге ойнайды.