Бейбіт Жукаев Уимблдон турнирінің екінші айналымынан тыс қалды. Италия теннисшісі Флавио Коболлимен өткен матчта отандасымыз 3:6, 6:7, 1:6 есебімен ұтылды, деп хабарлайды ulyssport.kz
1 сағат 47 минутқа созылған кездесуде Жукаев 14 эйс жасады (Коболли 11 эйс). Ал квалификация кезеңінде үш матчта жалпы 55 эйспен көзге түскен еді.
Осылайша, Уимблдонның бірінші айналымында ойнаған Бейбіт Жукаев жарыс жолын аяқтады. Дегенмен оның “Үлкен Дулыға” турнирінің негізгі кезеңінде алғаш рет ойнағанын “Қазақстан теннис мектебі үшін үлкен жетістік” деп бағалауға болады.
Жекелей сында Уимблдонда Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Александр Шевченко ғана қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Юлия Путинцева мен Александр Бубликтің жеңілгенін жазған болатынбыз.