Серік Теміржанов бокстан елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шыға алмады

Дастан Кенжалин

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Серік Теміржанов Астанадағы Әлем кубогы кезеңінің 1/4 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында жапониялық Шунсуке Китамотомен жұдырықтасты.

Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Жапония өкілі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Осылайша, Серік Теміржанов Әлем кубогын медальсіз аяқтады.