Бокстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде финалға шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Ulyssport.
3 шілдеде ол 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Лакшья Чахарамен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты турнирден бас тартты.
Осылайша, Оралбай жартылай финалға жолдама алды.