Наталья Богданова бокстан Әлем кубогы кезеңінің 1/4 финалында жеңіске жетті

Дастан Кенжалин

Астанада бокстан Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға Наталья Богданова шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Богданова Бразилия өкілі Барбара Мария Дос Сантоспен кездесті.

Богданова айқын басымдық танытып, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді және нәтижесінде жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.