Нысана көздеу: Ислам Cәтпаев пен Константин Малиновский финалға шыға алмады

Редакция Ulyssport

Нысана көздеуден Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев кезекті жарысында сүрінді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеу аяқталды.

Ұлттық құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған Ислам Сәтпаев 588 ұпай жинап, 18-сатыға тұрақтады. Ал Константин Малиновский 586 ұпаймен 25-орыннан көрінді. Мұнда жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы ғана финалға жолдама алды.

Барлығы іріктеуге 44 спортшы қатысты.