ATP250 Almaty Open турнирінде Ресейдің бірінші ракеткасы ойнайтын болды

Ерик Ильясов

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы, US Open-2021 чемпионы ресейлік Даниил Медведев Алматы қаласында 11-19 қазанда өтетін ATP 250 Almaty Open додасына қатысатынын растады, деп хабарлайды ulyssport.kz 

KTF

Қазақстан теннис федерациясының хабарламасын сенсек, Медведевтің қатысуы жарыстың деңгейін көтереді. Өйткені теннисші бірнеше жылдан бері әлемдік рейтингте көшбасшы спортшылардың қатарында.
Даниил Медведев 2022 жылы Астанада өткен ATP 500 турнирінде өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда сол жылғы чемпион Новак Джоковичке жол берді. Ал жасөспірім кезіндегі алғашқы титулындарының бірін Өскеменде өткен жарыста жеңіп алды.

Даниил Медведев:
 

Мен Алматыда алғаш рет ойнайтыныма қуаныштымын. Бұл  менің теннис сапарымдағы жаңа белес. Мен қазақстандық жанкүйерлердің қонақжайлылығы, жылы ынта-ықыласы туралы көп естідім. Кортта кездескенше!