Сағындық Тоғамбай бокстан елордадағы Әлем кубогын қола медальмен аяқтады

Редакция Ulyssport

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан бокс федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жерлесіміз 90 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Түркия өкілі Эмра Яшарға қарсы айқасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен түркиялық Эмра Яшар финалға өтті.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, бұған дейін Елдана Тәліпова бокстан елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайтынын жазған едік.