Рыбакина Уимблдонның төртінші айналымына шыға алмады

Ерик Ильясов

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымында әлемнің 22-ракеткасы Клара Таусонмен кездесіп, 6:7, 3:6 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды ulyssport.kz

Уимблдон

Бүгін Лондонда ауа-райы өте құбылмалы. Үздіксіз жауын-шашынның әсерінен матч екі рет тоқтатылып, біраз үзілістен кейін қайта жалғасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисшінің екі рет сетболы болды, бірақ дат теннисшісі Таусон одан аман шығып, партияны өз пайдасына шешті. Екінші партияның басында қарсылас бірінші болып брейк жасап, ойынның аяғына дейін ұстап тұрды.

Енді Клара Таусон ширек финалға жолдаманы Швентек-Коллинс арасындағы матчтың жеңімпазымен сарапқа салады.