Бекзад Нұрдәулетов бокстан әлем кубогының алтын жүлдегері атанды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан бокс федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақтың алтын жүлдесі үшін Үндістан өкілі Джугнумен қолғап түйістірді.

Бекзад жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші және үшінші раундта жағдай өзгермеді. Нәтижесінде Бекзад Нұрдәулетов жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді.