Байдың баласы болсам, бұл спортқа жоламас едім – Шавкат Рахмонов

Редакция Ulyssport

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, даңқты спортшы Шавкат Рахмонов Ulysmedia.kz алаңына эксклюзив сұхбат берді.

Ulysmedia

Ulysmedia командасы Алматыдағы Шавкат жаттығатын залға барып, келесі бәсекелерге дайындығымен танысып қайтты. Спортшы қиындықпен өткен балалық шағы, ата-ана тәрбиесі, жеңіс жолын әңгімелеп берді.

Жастардың рухты болуы, елге жанашырлық, еңбексүйгіштік жайлы сөз қозғадық. 

Сұхбат барысында кейінгі уақытта көп айтылып жатқан бірқатар сұрақтар қойды: Шавкаттың келесі қарсыласы кім? Жекпе-жекті қанша күтеміз? Қазан айында Белал Мухаммадпен жекпе-жек өтетіні рас па? Чемпиондық белбеуге жол ашық па? Ислам Махачевтің салмақ ауыстыруы – қауіп пе, мүмкіндік пе? Шавкаттың жарақаты жазылды ма?

Спорттағы қиындықтар мен басты жеңістер қандай болды деген сауалдарға жауап алдық. Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көре аласыздар.