Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореяда өтетін командалық әлем кубогына қатысады

Редакция Ulyssport

Таеквондодан Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысатын Қазақстанның құрамасы жарияланды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Ауқымды халықаралық турнирде ел намысын сегіз спортшы қорғайды:

  • Бекасыл Ергеш;
  • Альмира Қанат;
  • Аяулым Асқар;
  • Аида Тәукенова,
  • Камила Аймұқашева;
  • Әбдірахман Марипов;
  • Мерген Ғаниев;
  • Нұрбек Ғазез.

Айта кетейік, жарыстар 7-9 шілде аралығында өтеді.