Гузель Торшаева үстел теннисінен Австрия клубында өнер көрсетеді

Дастан Кенжалин

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Гузель Торшаева Австрия Бундеслигасында өнер көрсететін болады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Келісімшартқа сәйкес, спортшы 2025-2026 маусымын TТС Wiener Neudorf (Нойдорф) клубында өткізеді.

Гузель Торшаева - командалық есептегі Қазақстан чемпионы және Қазақстан Республикасы VI Жастар спорт ойындарының жүлдегері.