Португалияның Коимбра қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтті, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстан құрамасы бұл жарысты жүлдесіз аяқтады. Отандастарымыз ерлер арасындағы синхронды секіруде ең үздік нәтиже көрсетті.
Данил Мусабаев пен Никита Тумаков финалға дейін жетті. Алайда, медальға бір қадам жетпей қалды. Олар төртінші орынға ие болды.
Алтын медальді Португалия жұбы жеңіп алды. Екінші орын Қытай спортшыларына бұйырды. Үшінші орынды Франция өкілдері иеленді.