Таеквондо: Қазақстан құрамасы әлем кубогында медальға бір қадам жетпей қалды

Дастан Кенжалин

Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында командалық Әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

9 шілдеде Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста өнер көрсетті. 

Отандастарымыз ширек финалға дейін жетті. Нәтижесінде Өзбекстан құрамасына 2:1 есебімен жол берді.

Ұлттық құрама сапында: Мерген Ғаниев, Абдурахман Марипов, Камила Аймукашева, Аида Таукенова ел намысын қорғаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізген еді.