Уимблдон-2025 чемпионы анықталды. Ол - әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер (Италия), деп хабарлайды Ulyssport.
Финалда Ролан Гаррос-2025 чемпионы Карлос Алькарасты (Испания) 4:6, 6:4, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Бүгінгі матчты Ұлыбритания ханзадасы Уильямс отбасымен бірге тамашалады. Дәстүр бойынша кубокті Уэлс ханшайымы Кейт Миддлтон табыстайды.
Кеше әйелдер арасындағы Уимблдон турнирін Ига Швентек (Польша) жеңген болатын. Финалдық ойында АҚШ теннисшісі Аманда Анисимоваға еш мүмкіндік бермеді. Есеп 6:0, 6:0.
Бір қызығы, екі жеңімпаз да (Синнер мен Швентек) осыған дейін допинг дауына іліккен. Швентек 2024 жылдың аяғында, ал Синнер осы жылдың ақпан-мамыр аралығында тиісті жазаларын өтеді.