Күрестен Азия чемпионаты: ел қоржынына тағы 7 медаль түсті

Дастан Кенжалин

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Еркін күрестен жалғыз алтын медальді 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды.

Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс еншілесе, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Алан Оралбек (61 келіге дейін) үшінші нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар әйелдер күресінен Анна Стратан (57 келіге дейін) және Мейрамгүл Мақсот (72 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің балуандары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді.