Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігімен құттықтады

Дастан Кенжалин

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: instagram.com/m_kamalidenova

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады.

– Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.