Елена Рыбакина Уимблдонның екінші айналымына өтті

Ерик Ильясов
Wimbledon

"Уимблдон-2022” чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбритания Ашық чемпионатын сәтті бастады.Жарыстың бірінші айналымында Рыбакина Румыния өкілі Елена-Габриелла Рузені (WTA 152) жеңді. Ойын Еленаның екі сеттегі жеңісімен аяқталды 6:3, 6:1.

Рыбакина келесі айналымда әлемнің 72-ші теннисшісі, неміс спортшысы Лаура Зигемундке қарсы ойнайды. Кездесу бейсенбі күнге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ерлер арасында жекелей сында Александр Бублик турнирдің екінші айналымына өтті.