Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Эдуард Ким финалдық сайыста өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
19 шілдеде отандасымыз әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасында сынға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша ол 217.7084 ұпай жинап, 9-орынға жайғасты.
Александр Мальцев (Ресей) 251.7133 ұпаймен алтын медальді жеңіп алды. Испаниялық Деннис Гонзалес екінші орынға ие болды - 241.1667. Қола жүлде Диего Виллалобосқа (Мексика) бұйырды - 238.1600.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста әлем чемпионатының финалына өткенін хабарлаған едік.