Карина Магрупова әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Редакция Ulyssport

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

19 шілдеде Карина Магрупова әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасының финалында ел намысын қорғады.

Отандасымыз 233.5199 ұпай жинап, 11-орынды иеленді.

Қытайлық Хуиянь Сюй бірінші орынға ие болды - 272.9917. Күміс жүлде Василина Хандошкаға (Ресей) бұйырды - 260.5416. Ал Ирис Тио Касас (Испания) 260.2917 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.