Әртістік жүзу: қазақстандықтар әлем чемпионатының финалына бір қадам жетпей қалды

Дастан Кенжалин

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. 21 шілдеде әртістік жүзуден жұптық сайыстар өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Еркін жаттығу бағдарламасында ел намысын Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова қорғады.

Отандастарымыз іріктеу сайысында 228.2541 ұпай жинады. Нәтижесінде 13-орынды иеленіп, финалдық кезеңге бір қадам жетпей қалды. 

Ақтық сынға үздік шыққан 12 жұп өтті.