Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден финалға шықты

Дастан Кенжалин

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыстың финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламаның іріктеу кезеңінде 190.1238 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады. 

Қазақстан құрамасы сапында: Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецева, Жания Жиенғазы өнер көрсетуде.