×

Рыбакина Вашингтондағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, 

26.07.2025, 12:05
Рыбакина Вашингтондағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхпен ойнады.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, онда Рыбакина ұтқан еді. Бұл жолы Елена 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Елена Рыбакина финалға өту үшін әлемнің 36-ракеткасы, 22 жастағы канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екінші рет қатарынан топырақ төсенішіндегі турнирдің финалына шыққанын жазған едік.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр